Жаңалықтар

Арнайы жасақтың тартуы

Халықаралық балаларды қорғау күні және Мемлекеттік рәміздер күніне орай облыстық полиция департаментінің қызметкерлері қалалық полиция басқармасымен бірлесіп, хайуанаттар бағында балаларға арналған мерекелік іс-шара өткізді. Шараға облыстың бас сақшысы Санжар Әділов қатысты.

– Балаларымызға зор денсаулық, толағай жетістіктер тілеймін. Еліміздің нағыз патриоты болып өсулеріңізге тілектеспін, – деді полиция генерал-майоры.

Департамент бастығының құттықтау сөзінен кейін мерекеге орай балалар арасында өткен «Менің әкем полицей» атты сурет байқауының қорытындысы шығарылды. Байқауға 100-ге жуық баладан сурет түскен. Оның ішінен қазылар алқасы ең үздік 30-ға жуық суретті таңдап алса, алғашқы үш орынды жеңіп алған балдырғандарды департамент бастығы Санжар Әділов марапаттады.

Марапаттау салтанатынан кейін, мерекелік шараға жиналған балаларға кадет сыныбының оқушылары домбырамен күй орындаса, №21 орта мектептің бүлдіршіндері би биледі.

Балалардың есінде қалған ең қызықты сәт – ортаға жылдам қимылдайтын арнайы жасақ жауынгерлерінің шығуы болды. Бетперде таққан тәртіп сақшылары өздерінің жұмысы, яғни, қоян-қолтық ұрыс, қылмыс­керді құрықтау кезінде қолданатын тәсілдерін көрсетті. Көрнекі жаттығулар соңында жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың жауынгерлері Көк Туымызды көкке көтеріп, балалардың қошеметіне бөленді.

Мерекелік шара соңында балалар тәртіп сақшыларымен фотосуретке түсіп, хайуанаттар бағын емін-еркін аралады және тегін балмұздақ таратылды.

Салтанат ІЛИЯШ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button