ҚарМТУ өз үлесін қосады

 

 

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың биылғы Жолдауында Қазақстанның Үшінші жаңғыру үдерісін қазіргі жаһандану жағдайында жүзеге асыру мәселесі көтерілген.

Жоғары білім беру жүйесіндегі қызметкерлері Президенттің әр Жолдауын басшылыққа алады, сондықтан, осынау аса маңызды бағдарламаны жүзеге асыруға біз неғұрлым белсенді ат салысуымыз керек.

Біздің университет техникалық мамандар даярлау мен жаңа жобалар жасау бағытында елімізде ғана емес, бірқатар мемлекеттердегі ғылыми орталықтармен бірлескен жұмыстарда да жетекші орындардың біріне ие, сол себептен бізге жүктелетін міндет те ерекше.

ҚарМТУ қазіргі уақытта ИИДМБ-2 үшін бейіндік магистратурада мамандар даярлап отырған он университеттің бірі болып табылады.

Біздің университеттің ғылыми бағдарламалары мен жобаларын әзірлеуге әр сала бойынша шетелдік жетекші мамандар қатысуда.

Ұлттық Қор қаражатының есебінен ақпараттық технологиялар мен өнеркәсіптік заманауи өндіріс саласындағы алдыңғы қатарлы әлемдік өндірушілерден заман талабына сай жабдықтар сатып алынды.

Президенттің 2016 жылғы Жолдауын жүзеге асыру шеңберінде, мем­лекеттік тапсырыстарға сәйкес, студенттерді тікелей жұмыс берушілердің араласып, қатысуымен оқыттық. Президент өзі атап көрсеткендей, бұл Үшінші жаңғыру жағдайында қазіргі индустрияның барлық салаларына жоғары білікті жаңа мамандар даярлауға мүмкіндік береді.

Біздің базамызда Президент бағдарламасын жүзеге асыру аясында, сонымен қатар, «Лейка Геосистемс», «Мицубиши-Электрик», «Фесто», «Шнейдер-Электрик» тәрізді технологиялық алыптармен бірлесіп, студенттерді, магистранттар мен инженерлерді оқыту орталықтары ашылды.

Дәстүрлі базалық салалар да ұмыт қалған жоқ. Кен-металлургия мен құрылыс кешендеріне, сонымен қатар, көлік саласына мамандар даярлау бұрынғыша жоғары деңгейде, бірақ енді Үшінші жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру шарттарына сәйкес орындалуда.

Әлемнің жетекші өндірушілері шығарған жабдықтарды пайдалана отырып, біз оқыту мен инновациялық жобалардың орындалуын қатар жүзеге асыратын бірегей зертханаларды іске қостық. Инновациялық әзірлемелер тұрақты жасалып, олар кейін металлургия, құрылыс, кен ісі, автоматтандыру, көлік және логистика салаларында өндіріске енгізіледі.

Осылардың арқасында біз Елбасы жаңа Жолдауында алдымызға қойып отырған міндеттерді ойдағыдай шешетінімізге және ҚарМТУ Үшінші жаңғыру кезеңінің міндеттерін орындауда өз үлесін қосарына мен сенімдімін.

Аристотель ИСАҒҰЛОВ,

Қарағанды мемлекеттік

техникалық университетінің

бірінші проректоры.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.