Жаңалықтар

Армандар орындалатын алаң

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім саласына əрдайым қолдау көрсетіп, оның дамуына серпін беретін нақты міндеттерді жүктеп келеді. Соның бірі – сапалы білім беру мəселесі. Ал, сапалы білім кəсіби тəжірибемен ұштасуы – бүгінгі студенттің ертең білікті маман болып шығуының кепілі. Оы орайда Қарағанды техникалық-экономикалық колледжінің қырыққа жуық студенті «Қазпошта» акционерлік қоғамы Қарағанды облыстық филиалының бөлімшелерінде тағылымдамадан өтуде. Аталған одақ студенттерге жаңа мүмкіндіктер ұсынады деп күтілуде.

Сурет ұйымдастырушылардан

«Қазпошта» акционерлік қо ғамы Қарағанды облыстық филиалының директоры Ерлан Нұрланбаев пен аталған колледж директоры Жанаргүл Қазыбекова екі мекеме арасындағы ынтымақтастық жұмысқа серпін береді дейді.

Алдымен «Қазпошта» филиалының мəжіліс залында директор Ерлан Нұрланбаев пен қызметкерлер студенттерді қабылдап, мекеме қызметінің уақыт талабына сай, танымал болып келе жатқанымен бөлісті. Айтуларынша, аймақтық филиалдың жетістіктері мақтануға тұрарлық.

Қабылдау барысында Ерлан Құмарбекұлы сату бөлімінің басшысы Зəуреш Түсіпованың жəне пошта, логистика жəне көлік бөлімінің басшысы Асылан Мекеевтің табыстарына ерекше тоқталды. Олардың «Қазпоштадағы» көп жылғы адал еңбектері жігерліліктің үлгісі ғана емес, сондай-ақ, арманға жету жолындағы табандылықтың да үлгісі.

– «Қазпошта» акционерлік қоғамы қаржы жəне пошта қызметтері нарығындағы сенімділік пен тұрақтылықтың тірегі ретінде өзінің маңызды даму жолын жалғастыруда. Қоғам компаниямызды экономикалық жəне əлеуметтік дамуға қосқан үлесі үшін таниды жəне құрметтейді. Инновация – біздің озық технология мен жоғары сапалы қызмет көрсетуге деген ұмтылысты көрсететін визит картамыз, – деді Ерлан Нұрланбаев.

Кездесу соңында Ерлан Құмарбекұлы студенттерді «Қазпош та» тəрізді үлкен отбасының бір бөлігі болуға шақырды. Сондай-ақ, ол «Қазпошта» болашақтың сын-қатерлеріне төтеп беруге дайын жəне кəсіби өсуге ұмтылатындарға ашық екенін атап өтті.

«Компаниямыз команданың əр мүшесін ерекше бағалайды жəне олардың армандарын жүзеге асыруға көмектесуге дайын», – деп сөзін аяқтады директор.

«Қазпошта» АҚ-ның Қарағанды облыстық филиалы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button