Бас тақырыпЖаңалықтар
Арман Қырықбаев Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды
Арман Оразбайұлы Қырықбаев Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды. Тиісті жарлыққа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Арман Қырықбаев бұған дейін атқарған қызметінен босатылып, Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды.
Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz



