ЖаңалықтарСпорт

«Арландар» – Қарағандыда

      «Astana Arlans» бокс клубы кезекті матчын Қарағандыда өткізеді. Яғни, бүгін С.Сәпиев атындағы бокс орталығында «арландар» WSB Әлемдік бокс сериясы жетінші маусымының плей-офф кезеңінде ресейлік «Patriot Boxing Team» командасын қабылдайды.

Қазақ боксшыларының осы маусымда төртінші мәрте ресейліктермен сапары түйісіп отыр. Плей-офф кезеңінің С1 салмақ дәрежесіндегі алғашқы матчында «арландар» 3:2 есебімен жеңіске жеткен-ді. Кездесу Кемеровода өтті.

Бүгінгі матчта С2 тобындағы боксшылар жұдырықтасады. Жігіттер 52, 60, 69, 81, +91 келі салмақтарда мықтыны анықтайды. Бұлардың сапында жерлесіміз Дмитрий Зиско да бар. Жиырма жастағы боксшы +91 келіде өнер көрсетеді.

Дмитрий – Абай қаласының тумасы. ҚР спорт шебері. Жастар арасында Азия чемпионы, Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері, әлем чемпионатының жүлдегері және 2015 жылғы ел чемпионатының жеңімпазы. Бапкерлер – М.Ғайнуллин, А.Стрельников пен А.Райштың қарауында жаттығады.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button