Тыл еңбеккеріне құрмет көрсетті
Жеңіс күні қарсаңында Ұлы Отан соғысы батырларының ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімдері, соғыс ардагерлері мен тыл майданының қызметкерлеріне құрмет көрсету іс-шаралары өткізіліп, мерекелік концерттер ұйымдастырылады.
Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖД № 36 түзету мекемесінде де мерекелік іс-шаралар өткізіледі. Соның бірі бүгін мекеме қызметкерлері Долинка кенті, “Транспортная” көшесі, 34 мекенжайында тұратын тыл еңбеккері Ирма Ломакина Егоровнаға барып құттықтап, азық-түлік себеті мен гүл шоқтарын табыстап қайтты. Сонымен қатар, Ирма Егоровна Долинка кенті әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz