Спорт
Ардагеріміз қос алтын иеленді
Пауэрлифтингтен Гонконг қаласында өткен Әлем чемпионатында бақ сынаған жерлесіміз Дәрібай Оспанов ардагерлер арасындағы абсолютті чемпион атанды.
70 жастан асқан жерлесіміз 83 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Ардагерлерден құралған М-4 тобына түсіп, пауэрлифтингтің екі түрінен сынға түсті. Әуелі зейнеткер пауэрлифтингтің классикалық түрінен сынға түсті. Мұнда 130 келі зілтемірді көтеріп, еркін отырып, тұрды. 120 келі темірді жатып сығымдау әдісімен бағындырды. Ал, «становая тяга» әдісімен 150 келіні бағындырды. Жалпы көрсеткіштер бойынша жерлесіміз 400 ұпай жинап, жеңімпаз атанды.
Сонымен қатар, ардагер спортшы экипировкалық түрінен бақ сынап, 460 келі ұпай жинады. Осылайша екінші алтын медальға ие болды.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz