Қаражалда –жаңа басшы
Аймақ басшысы Ерлан ҚОШАНОВ Қаражал қаласына жаңа әкім тағайындады. Алдағы уақытта шағын шаһарды Тілектес ДОСАЕВ басқаратын болады.
Тілектес Темірбекұлы 1974-ші жылдың 30-шы қарашасында Павлодар облысында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. 1999 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс, инженер-құрылысшы мамандығы бойынша тәмамдаған. 2016-шы жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің мемлекеттік және жергілікті басқару, экономика және бизнес бакалавры дипломын иеленген.
Еңбек жолын 2000-шы жылы Совет ауданы әкімі аппаратының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы ретінде бастаған. Әр жылдары Қазыбек би атындағы аудан әкімі аппаратының және Қарағанды облысы әкімі аппаратының абаттандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын реформалау бөлімдерінде бас маман қызметін атқарған.
Тілектес Досаев жаңа тағайындауға дейін Қарағанды облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы болып қызмет етті.
Аймақ басшысы Ерлан Қошанов Қаражал қаласының бұрынғы әкіміне осы лауазымда 5 жылда жасаған жұмыстары үшін алғысын білдірді.
Облыс әкімінің
баспасөз қызметі.