АймақЖаңалықтар

Қарағандының орталығында қоршаулар алынып, заманауи гүл құмыралары орнатылуда

Қарағандыда жол бойындағы қоршаулар алынып, жаңа гүл құмыралары орнатылуда. Қала әкімі Мейрам Қожухов шаһарда атқарылып жатқан абаттандыру жұмыстарымен танысты.

Видео: қала әкімдігінен

 – Жаңа гүл құмыраларына көпжылдық гүлдер мен ілулі петуньяларды отырғызамыз. Бұл қаламыздың көркіне көрік қосады. Қала тұрғындарынан  гүл ұрламауын, гүл құмырасына темекі тұқылын өшірмеуін  сұраймын. Гүл құмыраларын Сейфуллин атындағы театр алдындағы алаңға, Мәдениет сарайына, Каскад алаңына, Н.Әбдіров ескерткішіне, 45-орамға және қаланың басқа да жерлеріне қоюды жоспарлап отырмыз, – деді қала әкімі.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button