Қарағандылық жастар эко-акцияға қатысты

«AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының Қарағанды облыстық филиалы «Вандализмге жол жоқ» эко-акциясын өткізді. Акция аясында Қарағанды қаласының Михайловка шағын ауданында ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш тазартылды. Аталған акцияға 20 адам қатысты.

«Жастар Рухы» ЖҚ белсенділері осы акцияны өткізуге бастамашы болып, ел тарихына құрмет көрсетті.

Жақында вандализм, табиғатты құрметтемеу және тарих мұрасы туралы хабарламалар жиі пайда бола бастады. Осыған байланысты жастардың бойында қазақстандық патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік рухын қалыптастыру мақсатында осындай акцияларды ұдайы ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.