Жаңалықтар

Қарағандылық жасөспірімнің ата-анасы жазаланады

12 жасар бала академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетіне террорлық шабуыл қаупі бар деп телефон шалған.

Төтенше жағдайлар департаментінің желісіне белгісіз адам (бала дауысы бойынша танылды) қоңырау шалып, академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіне террорлық шабуыл қаупі туралы хабарлаған.

Оқиға орны қоршауға алынды. Университеттің ғимараты мен іргелес аумағын тексеру барысында жарылғыш құрылғылар мен жарылғыш заттар табылған жоқ.

– Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесі бойынша 12 жасар «М» есімді бала анықталды. Осы факт бойынша баланың ата-анасы «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар» бабы бойынша жауапқа тартылады. 5000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады, – деп хабарлады Қарағанды облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button