Жаңалықтар

«Ән керуен» концерті өтеді

12 наурыз күні сағат 15:00-де «Шалқыма» концерт залында «Ән керуен» концерті өтпек. Аталмыш кеште өнер сүйер қауым назарына жергілікті сазгерлердің шығармалары ұсынылады.

Сурет: ұйымдастырушылардан

«Ән керуен» концертіне Жақсыкелді Кемалов, Ержан Базарбеков, Сержан Мұсайын, Дәуренбек Әркенов, Гүлмира Тапай, Дулат Аханов, Сырым Хордин, Медет Осатаев және  тағы да басқа өнерпаздар қатысады. Сондай-ақ, «Мерей» және «Арай» триосы, «Арқа сазы» фольклорлық ансамблі және «Аққу» фольклорлық-хореографиялық ансамблі де өнер көрсетеді деп жоспарлануда.

Билеттерді «Шалқыма» к/з кассаларынан және ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button