Қарағандылықтарды алдап соққан алаяқ ұсталды

Қарағанды облысында 34 жастағы әйел несие рәсімдеймін деген сылтаумен ірі сомадағы қаржыны иемденген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл 23 мамырда Қарағанды қалалық Ішкі істер басқармасы оңтүстік-шығыс полиция бөліміне Қарағанды облысының үш тұрғыны келген. Олар 34 жастағы қала тұрғынының несие рәсімдеймін деген сылтаумен жарты миллион теңгені иемденгенін айтып, шағымданған», — деді Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Полиция қызметкерлері бұрын осындай әрекеті үшін істі болған 34 жастағы күдіктіні ұстады. Оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігі «Алаяқтық жасау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіден ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды. 

 

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.