Бас тақырыпЖаңалықтар

Қарағандылық спортшылар Токио Олимпиадасына қатысуы мүмкін

Қарағандылық 19 спортшы Токио Олимпиадасына қатысудан үмітті. Облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасының болжамы – осы.

Аталған басқарма басшысы Дмитрий Карповтың айтуынша, жерлестеріміз 11 спорт түрі бойынша жарысқа түсуі мүмкін.

Олимпиадаға қатысудан үміттілер қатарында боксшы Абылайхан Жүсіпов, гимнастшы Данил Мұсабаев, балуандар – Ислам Бозбаев пен Жансай Смағұлов (дзюдо), Эльмира Сыздықова (әйелдер күресі), Іңкәр Ермағамбет (еркін күрес), Ерұлан Ысқақов және Хусейн Муцольгов (грек-рим күресі), велошабандоздар – Роман Василенко және Сергей Шатовкин, ескекші қыздар – Светлана Германович, Евгения Васильева және Дарья Разумович, жеңіл атлеттер – Римма Кашафутдинова, Юрий Дергачев және Анатолий Боднар, суда жүзушілер – Кирилл Шацков, апалы-сіңлілі Александра және Екатерина Немич бар.

 Бұл сайыпқырандар Олимпиада жолдамалары ойнатылатын турнирлерде бақ сынамақ. Әрине, мұнда есімі аталмаған спортшылар да Олимпиада жолдамасы үшін күресуге құқылы. Токиоға дәм тартсын дейік.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button