Жаңалықтар

Қарағандылық әскерилер Наурыз мейрамын тойлады

20 наурыз күні Ұлттық ұланының 6505 әскери бөлімінде офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер үшін бөлім басшылығымен «Қош келдің – Әз Наурыз» атты Ұлыстың ұлы күні атап өтті. Мереке, ІІМ орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Еркін Ботақанов, «Орталық» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Сакентай Амантайұлы Шекарбековтің, сондай-ақ бөлім командирі полковник Бауыржан Барышевтің құттықтау лебіздерінен бастау алды.

Іс-шара барысында қазақ халқының салт-дәстүрін ұстана отырып барша әскерилер шапан, бөрік, тақия, қамзол, күміс шолпы, ақ орамалдарын киіп, ұлттық ойындар ойнап, ұлттық аспаптарда әсем күйлерін орындады. 

Бөлімнің әйелдер қауымы бауырсақ пісіріп, наурыз көже әзірлеп, дәмді дастархан дайындап, әскери бөлімнің барлық қызметтерінен қазақ халқының салт-дәстүрлері, құда түсу, сырға салу, қыз ұзату, бесікке салу, тұсау кесу көріністері көрсетілді.

Ұлттық Ұланның орталық өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button