Қарағандылық өрт сөндірушілер алдына жан салмады

Ақмола облысы Степняк қаласында ерлікпен қаза тапқан өрт сөндіруші Асқар Забикулинді еске алуға арналған шағын футболдан республикалық турнир өтті. Оған облыстардың төтенше жағдайлар департаменті атынан 8 құрама команда қатысты.

Турнирге қатысушылар лайықты ойын көрсетті. Ойындардың қорытындысында жүлделі I орынды Қарағанды облысы ТЖД командасы иеленді.

Турнирде ерекше көзге түскен қатысушылар арнайы номинациялармен марапатталды. Қарағандылық №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бөлімшесінің командирі Дархан Қошықов, «Турнирдің үздік қақпашысы» аталымын жеңіп алды.

Бұл жеңіс өрт сөндірушілердің шымырлығын әрі спортта да кәсібилігін көрсетеді.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.