Қарағандылық полицейлер шетелдік интернет-алаяқты құрықтады

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше Орталық полиция бөліміне 51 жастағы қала тұрғыны интернет алаяқтың құрбаны болғаны жөнінде шағым түсірген.

Жәбірленушіге белгісіз біреу банктің қауіпсіздік қызметіненбіз деп қоңырау соғып, оның атынан біреулер несие рәсімдеп жатқанын айтқан. Сөйтіп есеп-шотын бұғаттау үшін жеке мәліметтеріне қол жеткізген. Осының салдарынан жәбірленуші алаяқтарға 5 миллион 280 мың теңге ақша аударып жіберген.

– Қарағанды облыстық Полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шарлары барысында Алматы қаласынан 22 жастағы Ресей Федерациясының азаматы ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді. Тергеу әрекеттері барысында тәртіп сақшылары ұсталған азаматтың Қазақстан азаматтарын алдауға байланысты басқа да 5 қылмысқа қатыстылығы анықталды. Жалпы келтірілген шығын көлемі 15 миллион теңге, – дейді облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жалғасуда. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.