ЖаңалықтарМедицина

Қарағандылық онкологтар ашық есік күндерін өткізеді

Қарағанды қаласының №3 көпсалалы ауруханасында (онкологиялық диспансер) Ашық есік күні өтеді. Мамандар тұрғындарды қатерлі ісіктің алдын алу шаралары туралы хабардар етпек.

Сурет: poliklinika3.kz сайтынан

Ашық есік күні 3 ақпан күні Қ. Аманжолов көшесі, 189 мекенжайында (онкологиялық диспансер) сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін өтеді. Сондай-ақ денсаулық апталығы аясында ақпанның 1-і мен 10-ы аралығында қосымша консультациялар алуға болады. Онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте анықтау мәселелері бойынша халықтың сауатын арттыру мақсатында ұйымдастырылған шараға жазылу 2024 жылдың 1 ақпанынан 10 ақпанына дейін күн сайын сағат 14:00-ден 17:00-ге дейін жүргізіледі.

– Консультативтік қабылдаулар  №1, №3, №4, №5 емханалар мен, Қарағанды ​​қаласының №1 көпсалалы ауруханасында, Теміртау қаласының №1 және №4 Теміртау емханасы сынды медициналық мекемелерде өтеді, – деп мәлімдеді Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

 Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button