Жаңалықтар

Қарағандылық оқушылар физика пәнінен халықаралық олимпиаданың жүлдегерлері атанды

Сурет : Облыс баспасөз қызметінен

Қарағандылық оқушылар 11 сынып оқушылары арасында физика пәнінен ашық халықаралық олимпиадада жүлделі орындарға ие болды. Байқаудың қорытынды кезеңі Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Студенттер сарайында өтті.

Бірінші турға қатысуға 512 өтінім берілді. Ақтық сайысқа Қазақстанның, жақын және алыс шетелдердің жалпы білім беретін мектептерінен, лицейлерінен, гимназиялары мен мектеп-интернаттарынан 94 оқушы қатысты.

Физика-математика бағытында Қарағандыдан 3 жүлдегер анықталды. “Дарын” мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының оқушысы Артем Кузнецов 2-ші орынды иеленді. Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының қатысушылары Әлібек Зателбай мен Қарақат Худусер қола жүлдені бөлісті.

Жалпы білім беру бағытында Сәкен Сейфуллин атындағы № 7 Балқаш мектеп-гимназиясынан Сұлтан Өмірсерікке екінші орын берілді. Үшінші орынды Осакаров ауданы Қаныш Сәтбаев атындағы тірек мектебінің (Ресурстық орталықтың) оқушысы Данат Молдабаев иеленді.

– Оқушылардың дайындық деңгейі жоғары болды. Менің ойымша, жеңілгендер жоқ, бірақ жеңімпаздар бар, – дейді ҚарУ физика-техникалық факультетінің деканы Асылбек Зейниденов. – Байқауға қатысушылар өздерінің білім деңгейлерін тексере алды. Олимпиаданың жабылуымен бір мезгілде біз факультетте ашық есік күнін өткіздік. Түлектерге қабылдау шарттары туралы айтып, студенттердің қайда және не оқып жатқанын көрсеттік.

Олимпиада жеңімпаздары дипломдармен және медальдармен марапатталды. Сонымен қатар, оларға университеттің имидждік өнімдері мен сыйлықтар табысталды.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button