Қарағандылық кітапханашылар үздіктер қатарында

24 қазан – кітапханашылар күні мерекесіне орай Астанада еліміздің үздік кітапханашыларына құрмет көрсетілді. Кәсіби мереке қарсаңында марапатталғандардың арасында қарағандылықтар да бар.

Атап айтар болсақ «Еңбек ардагері» медалімен Н.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық кітапханасының ғылыми хатшысы Валентина Пак пен Шахтинск орталық кітапхана жүйесінің меңгерушісі Ирина Калинина марапатталды.

–Пандемия кезінде мен көптеген онлайн жобаларды жасадым. Өңіріміздің киелі жерлері туралы «Гоголевкамен» туған өлкемізге саяхат», «Ашық аспан астындағы мұражай», «Өлкетанудан әңгімелер» т. б. жинақтарды құрастырдым. Әрине, еңбегімнің бағаланғаны қуантады. Марапат тоқтамай, әрі қарай жұмыс істеуге тың күш береді, – дейді, 50 жылдан астам еңбек тәжірибесі бар ардагер кітапханашы Валентина Пак.

Сонымен қатар, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгілерімен Қарағанды облыстық Абай атындағы кітапхана директорының орынбасары Қалқатай Қалиева мен Теміртау орталық кітапханасының кітапханашысы Маргарита Мұханова марапатталды.

– Кітапханада 32 жыл қызмет етіп келемін. Кітапханашылар күніне орай «Қазмедиа» орталығында Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен «Руханият шырақшысы» атты мерекелік шара өтті. Ол бойынша «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталдым. Марапат – көп жылғы қажырлы еңбегімнің жемісі, – деп бөлісті Қалқатай Қалиева.

Мерекелік қарада облыстың тағы алты кітапханашысы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хатына ие болды.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.