Руханият
Қарағандының әнші қызы Гүлмира Серікқызының жеке шығармашылық кеші өтеді
5 мамыр күні сағат 17.00-де «Шалқыма» концерт залында Мәдениет саласының үздігі, республикалық байқаулардың лауреаты, Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің солисі Гүлмира Серікқызының 25 жыл сахнада жүргеніне орай «Асыл әнім» шығармашылық кеші өтеді.

Концертте қазақ халық және эстрадалық әндері, романстар: Нұрлан Албан «Арулар», Айдос Сағат «Періште», Мұратхан Егінбаев «Құмған алған», халық әні «Бүлдірген» Леонид Дербенев «Есть только миг», Микаэл Таривердиев «Романс о любви» және т. б. әндер орындалады.
Сондай-ақ, концертте Ербол Алшынбаев, Ержан Найманбай, Камилла мен Жәмила Оспанова, «Мерей» триосы және басқалар өнер көрсетеді.
Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz