Жаңалықтар

Қарағандылық еріктілер Ұлы Отан соғысы ардагерлерін құттықтады

Қарағандылық еріктілер Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңіс күні қарсаңында 1500 отбасыға көмек көрсетеді. Олар мұқтаж жандарға азық-түлік себетін және гигиеналық құралдар жиынтығын таратты. Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне жеміс-жидек салынған себеттерді табыстап, мерекелерімен құттықтады.

– Мамыр мерекелеріне орай облыстық Saryarqa Jastary еріктілері штабының қолдауымен және «Халық» қайырымдылық қорының демеушілігімен Қарағанды қаласына гуманитарлық көмек келді. Осы акция аясында біз Қарағандының 1 500 тұрмысы төмен отбасыға көмек көрсетеміз, – дейді Saryarqa Jastary облыстық штабының еріктісі Сымбат Әубакірова.

Қайырымдылық акциясы үш күнге созылады. Оған алпыстан астам ерікті қатыспақ.  Әр отбасыға  25 келі азық-түлік пен 25 келі гигиеналық құралдар беріледі. Жинақтар арнайы қораптарға оралған.

– 1 500 отбасын қамтитын мұндай ауқымды акция алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Оның бастамашысы және демеушісі – алматылық «Халық» қоры, – дейді қалалық жастар ресурстық орталығы жанындағы Қарағанды еріктілер штабының үйлестірушісі Алена Фрибус.

Бұдан бөлек, еріктілер  7 және 9 мамыр күндері Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтайды.

– «9 регион» таксиі мен «Қостанайшинсервис» фирмасының қолдауымен біз қаламызда тұратын 32 ардагерді құттықтаймыз. Оларға жеміс себеттерін, азық-түлік жиынтығын және гигиена құралдар сыйлаймыз. Бұл акция екі күн – 7 мамыр мен 9 мамыр аралығында өтеді. Бүгін, 7 мамырда, біз Октябрь ауданында тұратын 12 ардагерді құттықтадық. Ал, 9 мамыр күні  Қазыбек би атындағы аудандада тұратын 20 ардагердің үйіне барамыз, – деді Сымбат Әубәкірова.

Басқа материалдар

Back to top button