Жаңалықтар

Қарағандылық бишілер үш бірдей Гран-при жеңіп алды

Ташкентте өткен Fresh drive халықаралық байқауында қарағандылық бишілер Гран-при жүлдесін жеңіп алды. Бұл байқауға М.Жұмабаев атындағы №39 Қарағанды гимназиясы жанындағы «Шолпан» би ансамблінің аға құрамы қатысқан болатын.

Суреттер: Облыс әкімдігінің сайтынан алынды

Ұжымның құрылғанына – аттай 30 жыл. Бүгінде ансамбльдің құрамында 5 жастан 23 жасқа дейінгі 500-ге жуық бала бар. Қарағандылықтар байқау барысында «Той бастар», «Пері патшайымы» және түріктің «Хорон» биін ұсынып, үш бірдей Гран-при жүлдесін жеңіп алды. Сонымен қатар, қазылар алқасы ұжымға арнайы сыйлық табыстады.

– Байқауға би ансамбльінің 9-10 сынып оқушыларынан 38 биші қатысты. Байқау екі күнге созылды. Түпкір-түпкірден келген қатысушылар барлығы 200-ден астам нөмір ұсынған. Барлығының ішінен біздің ұсынған үш нөміріміз де Бас жүлдені жеңіп алды. Қарсыластарымыз осал емес. Осындай марапат иеленіп жатқан ұжымды мақтан тұтамын, – деді «Шолпан» би ансамблінің жетекшісі Гүлнар Омарова.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button