АймақЖаңалықтар

Қарағандыда өзін тәртіп сақшысымыз деп таныстырған алаяқтар ұсталды

8 сәуір күні кешке Қарағанды қалалық полиция басқармасының Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне 27 жастағы қала тұрғынынан арыз түседі. Белгілі болғандай бағдарлама жасаумен айналысатын ер адамның үйіне өздерін тәртіп сақшыларымыз деп таныстырған екі белгісіз адам келген.

сурет: matritca.kz

Келушілер одан ноутбук, планшет пен телефонды көрсетуге мәжбүрлеген. Осыдан кейін олар планшетті тексереміз деп алып кеткен. Артынша жәбірленуші шотынан 1 миллион 200 мың теңгенің жоғалып кеткенін анықталды. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 1 млн 500 мың теңгені құрады. Криминалдық полиция қызметкерлері осы іске қатысы бар деген күдікпен 24 және 25 жастағы екі ер адамды ұстады. Олар қылмысын мойындап, айғақты заттар тәпкіленді. Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button