Жаңалықтар

Қарағандыда жылыту маусымы аяқталды

Қарағандыда жылыту маусымын аяқтау туралы шешім қабылданды. Бұл туралы қала әкімі Мейрам Кожухов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. Жылыту маусымы 30 сәуірден 1 мамырға қараған түні өшіріледі.

 

– Құрметті қала тұрғындары, ауа-райының қолайлылығына байланысты біз жылыту маусымын аяқтаймыз. Орталықтандырылған қаладағы жылу беру 30 сәуірден 1 мамырға қараған түні ажыратылады. Бұл жылыту маусымын біз жазатайым оқиғаларсыз, қалыпты режимде өткіздік. Сонымен қатар, біз алдағы қысқы маусымға дайындалып жатырмыз, – деп жазды Мейрам Кожухов.

Әкім жазғы кезеңде жылу желілерін жаңғырту бойынша үлкен жұмыс күтілетінін айтты.

«Теплотранзит Қарағанды» ЖШС және «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС компаниялары жылыту маусымын аяқтау және ыстық сумен жабдықтауды ажырату жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруды бастады, – деп жазды әкім.

Айта кетейік, Қарағандыда тұрғындардың өтініштері бойынша жылу өшірілетін болған. Бірақ «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС тұрғындардан жылуды өшіруге бірде-бір өтініш түспегенін хабарлаған болатын. 

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button