Жаңалықтар

Қарағандыда жол апатынан жүргізуші көз жұмды

Ақпан айының 21-нен 22-сіне қараған түні ауа-райы күрт өзгеріп, көктайғаққа ұласты. Соның салдарынан Қарағанды облысында екі жол көлік оқиғасы тіркеліп, соңы қайғылы жағдаймен аяқталды, деп хабарлайды Оrtalyq.kz Рolisia.kz сайтына сілтеме жасап.

21 ақпанда, сағат 08:45-те Қызылорда – Павлодар тас жолында Абай қаласынан 5 шақырым жерде Nissan Note және ПАЗ 320530-02 автобусының қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан Nissan Note автокөлігінің 39 жастағы жүргізушісі алған дене жарақаттарынан қайтыс болды. Автобуста зардап шеккендер жоқ

Сондай-ақ сол күні кешкі сағат 20:50-де Алматы – Екатеринбург тас жолында Қарағанды қаласынан 25 шақырым жерде 32 жастағы Toyota Corolla автокөлігінің жүргізушісі көліктің басқаруына ие бола алмай жолдың қарсы бағытына шығып, 38 жастағы азаматтың басқаруындағы Volkswagen Passat автокөлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан Toyota Corolla автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапса, Volkswagen Passat автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

Екі дерек те полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қала ішінде өткен тәулікте жол жүру ережелерін сақтамау, жылдамдықты шектен тыс асыру салдарынан 24 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Қарағанды облысы полиция департаменті көлік жүргізушілерді жол жүру ережелерін қатаң сақтап, жылдамдықты шектен тыс асырмауға шақырады. Жаяу жүргіншілерге жол өткелдерінен өткенде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды естеріңізге салады.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button