Жаңалықтар

Қарағандыда жол апатынан мотоцикл жүргізушісі қаза тапты

Қарағандыдағы «Сарыарқа» халықаралық әуежайының қызметкері мотоцикл жүргізушісін қағып өлтірді деп жазады Liter.kz.

Қайғылы жағдай әуежайдан 3 шақырым қашықтықта болған. Volkswagen тізгіндеген ер адам қарсы жолда келе жатқан Yamaha маркалы мотоциклді соққан. Ауыр жарақат алған байкер аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді.

«Түнде басталған операция таңғы сағат 6-ға дейін созылды. Бірақ дәрігерлер оны аман алып қала алмады», – дейді Қарағанды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Дереккөз:  sn.kz 

Басқа материалдар

Back to top button