Жаңалықтар

Қарағандыда жер учаскелерін сату бойынша аукцион өтеді

Жер қатынастары бөлімі жер учаскелерін сату бойынша аукцион өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы ведомство басшысы Дәурен Шәкенов мәлімдеді.

Аукцион www.gosreestr.kz веб-сайт порталы арқылы оңтүстік-шығыстың жаңа ауданында орналасқан көппәтерлі тұрғын үйлерді салуға арналған жер учаскелері бойынша өтеді.

Аукционға қатысуға өтінімдерді беру және тіркеу тізілімнің www.gosreestr.kz веб-порталында аукцион өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап жүзеге асырылады және аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады, содан кейін қатысушылар берілген өтінімді қайтарып ала алмайды.

Аукционға қатысу үшін тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет:

1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), Тегі, Аты және әкесінің аты (бар болса);

2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), бірінші басшының толық атауы, тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) ;

3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелері;

4) байланыс деректері (пошта мекенжайы, телефон, факс, e-mail).

Аукционға қатысуға өтінімдер беру «Жекешелендіру объектілерін сату Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына және «Жер учаскесін сату бойынша сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №290 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады немесе жер учаскесін жалға алу құқығы, оның ішінде электронды түрде қабылданады.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button