АймақБас тақырыпҚарағанды

Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісі соққыға жығылды

Әлеуметтік желіде жедел жәрдем жүргізушісін балағаттап, соққыға жыққан бейне жазба пайда болды. Оқиға кеше түнде Майқұдықта көпқабатты тұрғын үйлердің  бірінің ауласында орын алған.

Сурет: Ашық дереккөз

Жедел  жәрдем жүргізушісіне лауазымдық міндетін атқару кезінде бейтаныс бір ер адам жұдырыққа алған.

Полиция қызметкерлері белгісіз ер адамның есімін анықтады. Оны ұстау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ер адам ізін суытып үлгерген.

Бейнеде белгілі болғандай, ер азамат шақыруға келген дәрігерлер бригадасының жүргізушісімен сөзге келіп қалған. Содан соң  ашуланып, жұдырық ала жүгірген. Бұл дауға ер адамның аула жолымен өте алмағаны себеп болған.

– Қазіргі уақытта жүргізушіге қол көтерген ер азаматты ұстау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде. Бұзақылық әрекетпен адам денесіне қасақана дене жарақатын келтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды, — деп мәлім етті Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда жедел жәрдем жүргізушісі  ауруханаға мидың шайқалуы, мұрын сүйегінің сынуы, қабырғаның жабық сынуы, көздің гематомасы диагнозымен емдеуге жатқызылған.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button