Спорт

Қарағандыда жеңіл атлетикадан ел чемпионатының жалауы желбіреді

Қарағандыда жеңіл атлетикадан ардагерлер (35 және одан жоғары) мен әуесқойлар (18-34 жас) арасында Қазақстан Республикасының III жазғы ашық чемпионаты басталды.

Қарағанды спорты

Қатысушылардың ең үлкен жас санаты – 75-79 жас. Ауқымды жарыс «Шахтер» стадионында және жеңіл атлетика манежінің аумағында өтуде.

Спорт додасында 13 облыс пен үш қаладан 210 спортшы, сондай-ақ, шетелдік спортшылар (Өзбекстан, Беларусь, Ресей, Германия, Израиль, Моңғолия) бар. Олардың арасында Олимпиада ойындарының қатысушылары, Әлем және Азия чемпионаттарының жүлдегерлері де кездеседі.

Чемпионатта Қарағанды облысының намысын 35 спортшы қорғайды.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button