Қарағандыда жеңіл атлетика манежінде «Жұлдыздар аллеясы» ашылды

Қарағандыда Қ.Нұржанов атындағы жеңіл атлетика манежінде «Жұлдыздар аллеясы» ашылды. Онда елге танымал өңірден шыққан Олимпиада және Азия ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріның құрметіне арнайы белгі қойылды.

Қарағанды жеңіл атлетика

Жеңіл атлетикадан Қазақстандағы жалғыз екі дүркін Олимпиада чемпионы Владимир Муравьев, Олимпиада ойындарының жүлдегері Дмитрий Карпов, Азия ойындары мен Азия чемпионаттарының жеңімпаздары Сергей Засимович пен Марина Аитованы спортсүйер қауым жақсы біледі. Өңірден шыққан осы бір төрт жеңіл атлетшілердің құрметіне «Жұлдыздар алеясынан» арнайы белгі қойылды.

– Жас ұрпақ аймақтан шыққан спортшыларымызды үлгі тұтуы керек. Әрі мақтанышпен айтып жүрулері қажет. Әзірге «Жұлдыздар алеясына» тек төрт спортшының құрметіне белгі қойылды. Әрине, олар бұған әбден лайық. Жеңіл атлеттің шыңы – төрт жылда бір келетін Олимпиада және Азия ойындары. Сондықтан осы белгілерді қою барысында үміткерлер ішінен бірауыздан осы спортшыларымыз таңдалып алынды, – деді жеңіл атлетикадан ОМОРБЖМ басшысы Нұрлан Түсіпов.

Қарағанды жеңіл атлетика

Алеядағы белгіде спортшылардың аты-жөні және жетістіктері жазылған. Ал, жұлдызы органикалық шынымен көмкерілген. Заманауи стильде жасалған жұлдыз көптің назарын бірден өзіне бұрады. Әрі қараңғыда жарқырап, ерекшеленеді. Биыл Қытайда Азия ойындары, келер жылы Францияда Олимпиада ойындары өтеді. Сол байрақты бәсекеден жүлде алған қарағандылық спортшыларға дәл осындай белгі орнатылады деп күтілуде. Әрі үлкен ареналардан жүлделі орындардан көрініп жүрген портшылар үшін «Жұлдыздар алеясында» орын жеткілікті.

– Дмитрий бала кезінен мақсатына ұмтылған өжет бала. Ол біздің отбасымыздың дәстүрін жалғастырды. Анам Вера Федоровна – көпсайысшы. КСРО құрамасына өнер көрсеткен. Мен де көпсайысшымын. Олимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тәрбиелеген қарағандылық жеңіл атлетика ұжымына алғысын шексіз. Ал, жас спортшыларға әлемдік ауқымда үлкен нәтижелерге қол жеткізуін тілеймін, – деді ҚР, Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Дмитрий Карповтың әкесі Василий Карпов.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.