Жаңалықтар

Қарағандыда жалған шот-фактуралар жасағандар сотталды

Қаржы мониторингі агенттігі Қарағанды облысы бойынша департаменті жұмыстарды нақты орындамай, қызмет көрсетпей және тауарларды жөнелтпей шот-фактураларды жазып беру фактісі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді аяқтады.

– Халық тұтынатын тауарларды сатумен айналысатын жеке кәсіп иесі өз атынан «ТехнологияГорМаш» және «ТД СнабСервис» ЖШС атына 2019 жылдың сәуірі мен 2020 жылдың қараша айы аралығында тау-кен-шахта жабдықтарына арналған қосалқы бөлшектерге шот-фактуралар жазғаны анықталды. Бірақ іс жүзінде бұл тауарлардың жеткізушілері болмаған. Қылмыстық әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке жалпы сомасы 109 млн теңгеге жуық ірі залал келтірілді, – деп жазды департаменттен.

Сот үкімімен кәсіпкер кінәлі деп танылып, оған коммерциялық ұйымдарда әкімшілік-өкімдік функциялармен байланысты лауазымдарды 5 жыл мерзімге атқару құқығынан айыра отырып, 3,5 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button