Жаңалықтар

Қарағандыда жұмыс табу жеңілдей түсті

Енді қарағандылықтар қоғамдық көлікте кетіп бара жатып та автобус терезелерінде орналастырылған QR-кодтар арқылы бос жұмыс орындары, қайта оқыту және өз ісін ашуға грант алу мүмкіндіктері туралы біле алады.

– Біз адамдарды жаппай қамту үшін QR кодтарды алты қалалық бағыттың 40 автобусына орналастырдық. Enbek.kz порталына сілтеме бойынша өткеннен кейін жұмыссыздар жұмыс іздестіре отырып, түйіндеме қалдыра алады, жұмысынан айрылуына байланысты төлем алуға қажетті құжаттарды және қайта оқуға өтініш бере алады, грант алу мүмкіндігі туралы біле алады, – дейді Қарағанды қаласының халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы Нұржан Сыздықов.

Сондай-ақ, “Жастар практикасы”, “Ұрпақтар келісімшарты”, “Алғашқы жұмыс орны”, “Әлеуметтік жұмыс орны”, “Қоғамдық жұмыстар”, “Күміс жас”жобалары туралы да ақпараттар орналастырылған.

Бүгінгі таңда қалада барлығы 1700 жұмыссыз тіркелген. Бұл ретте 2000 бос жұмыс орны бар.

– Сондай-ақ жақын арада қалааралық маршруттық автобустарда да QR-кодтар пайда болады. Бұған дейін біз оларды супермаркеттерде және кейбір емханаларда орналастырдық, – дейді Нұржан Сыздықов.

Сонымен қатар Қарағандыда WhatsApp жедел желісі жұмыс істейді, оның көмегімен жұмыссыз қала тұрғындары жұмыс таба алады. Ол үшін +7-775-644-35-80 нөміріне хабарлама жіберу немесе 96-63-93, 99-63-94 нөмірлеріне қоңырау шалу керек. Қалалық жұмыспен қамту орталығы Бұқар жырау даңғылы, 51/4 (1-қабат) мекенжайында орналасқан.

Жыл соңына дейін кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы бойынша белсенді жұмыспен қамту шараларымен Қарағандының 7600 тұрғынын қамту жоспарлануда.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button