Жаңалықтар

Қарағандыда зергерлік дүкенге ұрлыққа түскен адам ұсталды

Қарағандыда зергерлік дүкенге ұрлыққа түскен адам құрықталды.  

Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты орталық полиция бөліміне 28 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданды. Ол қала бойынша зергерлік бұйымдар дайындап сататын бірнеше дүкендер желісін ұстайтынын айтқан.

Түнгі уақытта белгісіз біреулер қаладағы дүкендерінің біріне ұрлыққа түскенін хабарлаған. Оқиға орнына бірден жедел-тергеу тобы жіберілді.

Белгілі болғандай, белгісіз адамдар дүкен есігін бұзып ішке кіріп, сөреде тұрған күміс бұйымдарды ұрлаған. Келтірілген шығын көлемі 2,5 млн теңгені құрады.

Криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген кешенді іс-шаралар барысында қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 31 жастағы азамат ұсталған. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button