Қарағандыда өз қайын атасын өлтіруге оқталған азамат ұсталды
Қалалық полиция басқармасының хабарлауынша, орталық полиция бөліміне қала көшелерінің бірінде екі азаматтың арасында жанжал болып, соның салдарынан бір адамның пышақ жарақатын алғаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына бірден жедел-тергеу тобы жіберілді. Полиция қызметкерлері жанжалдың 59 жастағы азамат пен оның 52 жастағы күйеу баласының арасында болғанын анықтады. Қайын атасы күйеу баласына «босқа жүре бермей жұмыс тауып алу керек екенін» айтқан. Бұған күйеу баласы қатты ашуланып, екеуінің арасында жанжал туған. Соңында күйеу баласы 59 жастағы қайын атасына пышақ жарақатын салып, артынша оқиға орынынан ізін жасырған.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 24-99 «Адам өлтіруге оқталу» бабымен қылмыстық іс қозғалды.
– Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен азамат ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді. Күдіктіге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, – дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ербол ЕРБОЛАТ,
ortalyq.kz