Бас тақырыпЖаңалықтар

Қарағандыда ыстық су қашан өшіріледі?

Қарағандыда жылу беру маусымы 30 сәуірде аяқталады деп жоспарлануда. Әдетте, онымен бірге ыстық су беру тоқтайды. «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС қалада ыстық су қай күні өшірілетініне жауап берді.

Сурет: teplotranzitkaraganda парақшасынан

Жыл сайын жаз мезгілінде қалада ыстық судың сөндірілетіні қарағандылықтар үшін үйреншікті жағдай. Бірақ жыл бойы ыстық сумен қамтамасыз ету мәселесі ара-тұра көтеріліп тұрса да қызмет көрсетуші бүгінде тұтынушыларды жазда ыстық сумен қамтамасыз ете алмайтынын, қыста жылу мен ыстық суды үздіксіз беру үшін жылы мезгілде желілерді жөндеу қажеттігін айтады. «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС биыл ыстық су 10 мамырда өшірілетіні туралы мәлімдеді.

– Пришахтинск, Сортировка, Майқұдық (11, 11А, 12, 13, 14, 15, 16, 17 ықшамаудандар) тұтынушыларын қоспағанда, қарағандылықтардың үйлеріне 10 мамырға дейін ыстық су беріледі. Бұл аймақтарда ыстық су жылу маусымы аяқталғаннан кейін бірден тоқтатылады, – деп хабарлады компания өкілдері.

Жылыту маусымы аяқталып, ыстық су беру тоқтатылғаннан кейін «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС келесі жылыту маусымына дайындық бойынша жоспарлы жұмыстарға кіріседі. Қалада жылу желілерін гидравликалық беріктік пен механикалық тығыздыққа сынау басталады, сонымен қатар магистральдық және блокішілік тарату құбырларына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Мемлекеттік бағдарлама аясында үш негізгі желіде қайта құру жоспарланған. Жазғы жөндеу жұмыстары кезінде магистральдық желілерді босатуға тура келеді. Сондықтан қала тұрғындары ыстық суды пайдалана алмайды.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button