Қарағандыда Виктор Цойды еске алуға арналған флешмоб және концерт өтеді

Қарағанды орталық саябағында 15 тамызда сағат 18.00-де Виктор Цойды еске алу концерті өтеді, сондай-ақ флешмоб ұйымдастырылады. Флешмоб қатысушылары гитаралардың сүйемелдеуімен «Кино» тобының әндерінің бірін орындайды.

Ұйымдастырушылар музыка әуесқойларын да іс-шараға атсалысуға шақырады.

– Виктор Цойды еске алу концерті әншіні еске алу күні – 15 тамызда өтеді. Оған бес қарағандылық топ – Guitar galaxy, “Ниагара”, Snegir FM, “Рок и роллы” және “11 этаж” қатысады. Сондай-ақ, концерт басталар алдында алғаш рет флешмоб ұйымдастырғымыз келеді. Оған адамдар гитарамен келуі керек. Флешмобқа қатысу үшін 8-700-204-11-54 нөміріне жазуыңыз немесе қоңырау шалуыңыз керек, содан кейін тілек білдірушілер WhatsApp тобына қосылады. Барлығы бір уақытта Виктор Цойдың “Звезда по имени солнце” әнін орындайды деп жоспарлап отырмыз, – деді Қарағандыдағы “Цоевцы” қозғалысының ұйымдастырушысы Алена Нечаева.

Ербол ЕРБОЛАТ,

ortalyq.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.