Жаңалықтар

Қарағандыда велоспорт жарысы өтеді

Қарағандыда 22–23 сәуірде тас жолда ашық қалалық біріншілігі велоспорт жарысы  өтеді. Жарыс 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне арналған.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, оларға Қарағанды, Саран және Теміртау спорт мектептерінің 80 оқушысы қатысады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен және грамоталармен марапатталады. Бірінші орын үшін бағалы сыйлықтар беріледі.

Сонымен қатар, ұйымдастырушылар велосипед жарысы кезінде автожол учаскелері жабылатынын ескертіп, қала тұрғындарынан уақытша туындайтын қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.

22 сәуір сағат 12:00-ден 14:00-ге дейін – бұрынғы динамит зауытының ауданы (Старая Тихоновка кенті);

23 сәуір сағат 12:00-ден 14:00-ге дейін – Сарыарқа көшесі (флагштоктан Тәттімбет көшесіне дейін екі бағытта).

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button