Қарағандыда велокарта іске қосылды

Қарағандыдағы экомузей мамандары таза экология үшін күресті жалғастырып жатыр. Ауаны ластанудан сақтаудың бір жолы – жаппай велосипедке отыру. Осы мақсатта ауқымды шаралар атқарылуда. Мәселен, экологтар велосипедшілерге арнайы велокарта әзірледі. Картаның таныстырылымы өтті.

Сурет ecomuseum.kz сайтынан алынды

Картаны экомузейдің сайты­нан көре аласыздар. Картада белгілер мен жолдар, тұрақтар және жөндеу шеберханалары көрсетілген. Экологтар карта қала жұртын жаппай велосипедке көшіруге ықпал етеді деген сенімде.

Қазақстанда велосипедпен қа­тынайтындардың саны артып келеді. Қарағандыда да аз емес. Себебі, халық таза ауаның қадірін түсіне бастағанын айтады мамандар. Оның үстіне, саламатты өмір салтын қалыптастырады. Саябақтарда, тіпті, велосипед­терді жалға беру қызметтері көбейген. Экологтар велосипедшілердің саны күрт арту үшін алдымен велоқұрылымды қалыптастыру керек деп отыр. Әзірге инфрақұрылым, яғни шағын велопарктер қаланың орталық бөлігінде ғана бар. Қаланың Оңтүстік-Шығыс бөлігінде де жасақталған. Анығырақ айт­сақ, «Корзина» сауда үйі мен World Class фитнес клубының маңайында тұр. Майқұдық пен Пришахтинскіде де жоқ емес. Бірақ, әлдеқайда аз.

Экологтар картаның белсенді қарағандылықтардың көмегімен жасалғанын айтты.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.