АймақБас тақырыпҚарағанды
Қарағандыда тастанды балаға қатысты күдіктілер ұсталды
Бұған дейін қаланың оңтүстік-шығысындағы көпқабатты үйлердің бірінің кіреберісінде жаңа туған нәрестенің табылғанын жазған болатынбыз.
— Полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жұмыстардың нәтижесінде жас нәрестені далада тастап кету дерегі бойынша күдікті 29 жастағы ер адам мен 22 жастағы азаматша ұсталды. Қазіргі уақытта оқиғаның толық мән жайы анықталуда, — дейді Қарағанды облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Ернат Қалиақпаров.
Өзге ақпараттар тергеу құпиялығына сәйкес жариялауға жатпайды.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz
Видео: облыстық ПД баспасөз қызметі