Жаңалықтар

Қарағандыда супермаркет қызметкерлері қомақты қаржы ұрлаған

Қарағандыда супермаркет әкімшісі мен 4 кассир 6 миллион 600 мың теңгені жымқырған.

Облыстық Киров полиция бөліміне қалада орналасқан супермаркеттердің бірінің иесі арызбен шағымданған. Кәсіпкер полиция қызметкерлеріне кезекті тексеріс жұмыстарын жүргізу барысында 6 миллион 600 мың теңге ақша жетіспеушілігін айтқан.

Тергеу жұмыстарын жүргізу барысында полиция қызметкерлерімен сол мекемеде жұмыс істеген, ақша жымқырды деген күдікпен 18 бен 33 жас аралығындағы жұмыскерлерді анықтаған. Оның ішінде супермаркет әкімшісі мен 4 кассир болған. Олардың былтырғы жылдың қыркүйек айынан желтоқсан айы аралығында саудадан түскен 6 миллион 600 мың теңге ақшаны қалталарына басқаны белгілі болды.

Күдіктілер жасаған қылмысын мойындады.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button