Жаңалықтар

Қарағандыда үш жасар баланың қолы эскалаторға қысылып қалды

Бүгін Қарағандыдағы Global City сауда орталығындағы эскалаторлардың бірінде үш жастағы баланың қолы қалып қойды. Оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметі мамандары келіп, шанцев құралының көмегімен баланы құтқарды. 

 

Оқиға түскі сағат 11:48 шамасында орын алды. Бала эскалатордан түсіп бара жатқанда сүрініп құлап қалып, оң қолы қозғалатын бөліктің арасына тұрып қалған. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары құрылғы арасына қысылып қалған баланың қолын босатып, медициналық жедел жәрдем бригадасына тапсырған.

Қазір бала облыстық балалар клиникалық ауруханасында. Жағдайы ауыр. Операция жоспарланған. Толық медициналық көмек алады.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button