Қарағандыда Республика күнінде қандай шаралар өтеді?

Қарағанды облысының тұрғындары мен қонақтары үшін республика күніне орай концерттер, конкурстар, спорттық жарыстар ұйымдастырылады.

20 қазан

Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің филиалдарында

Тарихи сабақтар, әдеби-поэтикалық кештер, танымдық ойындар.

21 қазан

«Шырақ» тілдерді оқыту орталығы

«Гүлдене бер менің Қазақстаным» өлеңдерінің онлайн челленджі

ФОК GGG, 10:00

Жастар арасында еркін күрестен қаланың ашық біріншілігі

21 қазаннан 15 қарашаға дейін

М. Әуезов атындағы орталық қалалық кітапхана

Қарағанды және Қазақстан туралы «Менің елім-Қазақстан» өлеңдер байқауы.

22–23 қазан

«Досжан Спорт» жаймалы мұз айдыны, 19:00

«Балалар хоккей лигасы» жасөспірімдер командалары арасында шайбалы хоккейден турнир.

23 қазан

«Шахтёр» стадионы, 10:00

Волейболдан жасөспірімдер мен қыздар арасындағы «Студенттер лигасы» чемпионаты.

«Батыр» ДСК, 10:00

Балалар арасында ITF таэквондодан қаланың ашық біріншілігі.

«Жастар» с/к, 10:00

Барлық стильдегі каратэден қаланың ашық біріншілігі.

Тәуелсіздік Алаңы, 11:00

Armanǵa jol («Путь к мечте») жеңіл атлетика жартылай марафоны.

«Шахтёр» стадионның орталық аренасы, 14:00

«Шахтёр» – «Кайрат» премьер-лига командалары арасында футболдан ҚР чемпионатының матчы

«Молодёжный» ЖС, 12:00

«Қыран елім – Қазақстаным» концерттік бағдарламасы.

24 қазан

«Молодёжный» МС, 11:00

«Қазақстан – Республикам менің» фотокөрме және сурет көрмесі.

Теміржолшылар МҮ, 15:00

«Менің Қазақстаным» кітап көрмесі.

Жаңа Майқұдық МҮ, 11:00

Қарағанды суретшісі Александр Гиенконың көрмесі.

25 қазан

Жаңа Майқұдық, «Молодежный» және Теміржолшылар мәдениет үйлері, 12:00

«Өнеріміз саған Қазақстан» фестивалі.

Орталық мәдениет және демалыс саябағы, 12:00–16:30

Жергілікті шығармашылық ұжымның қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.