Жаңалықтар

Қарағандыда Рамазан Стамғазының кеші өтеді

3 мамыр күні сағат 18.30-да «Шалқыма» концерт залында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Рамазан Стамғазының  «Дариға-дәурен» атты шығармашылық кеші өтеді. 

– Мен бұл концертке үлкен дайындықпен бара жатырмын. Сахнада жүргеніме биыл 35 жыл толыпты. Арқа жұртына Арқа әндерін шырқап, бір есеп беріп қояйын деп шештім. Оның үстіне Қарағандыда концерт бермегеніме 10 жылдың жүзі болыпты. Жақсы бір рухани кездесу болады деп ойлаймын,-дейді Рамазан Стамғазы.

Сонымен қатар концертте әншінің жұбайы, белгілі эстрада әншісі Ұлту Қабай да өнер көрсетеді деп күтілуде.

«Құлақтан кіріп, бойды алар» есті ән тыңдағыларыңыз келсе 3 мамыр күні «Шалқыма» концерт залын бетке алыңыздар, ағайын!

Билеттерді ticketon.kz сайтынан алуға болады.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button