Жаңалықтар

Қарағандыда Ұлт құндылықтарын насихаттайтын Қазақ күнтізбесі таныстырылды

Қарағандыда Qazaq club-тың ұйымдастыруымен жұртшылыққа ұлттық құндылықтарды сақтауға және насихаттауға бағытталған 2023 жылға арналған Қазақ күнтізбесі ұсынылды.

Күнтізбеге 33 атаулы күн кіреді. Оның 14-і тарихи тұлғалармен байланысты. Олардың қатарында Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсын, жазушылар Ілияс Есенберлин және Сәкен Сейфуллин, тарихшы Ермұхан Бекмахан, композитор Нұрғиса Тіленді, ғалымдар Қаныш Сәтбай мен Әлімхан Ермек, соңғы қазақ ханы Кенесары Қасым және т. б. бар.

Күнтізбеде алты тарихи оқиға қамтылған. Олар

– 1911 жыл – Барлыбек Сырттанұлының бастамасымен қазақ халқының алғашқы Конституциясы жасалған күн;

– 1920 жыл – Ә. Бөкейхан мен Ә. Ермек бастаған қайраткерлер Қазақстан шекарасын белгілеу ісін қолға алған күн;

– 1841 жыл – Кенесары Қасымның бүкіл қазақ халқының ханы болып сайланған уақыты;

– 1991 жыл – Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкір ғарышқа ұшқан күн;

– 1891 жылғы 25 қараша – Түркі жазуының құпиясы ашылған күн;

– 1991 жылғы 16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздік күні.

– Қазақ күнтізбесі жастар арасында тәрбие жұмысын жүргізуге өте ыңғайлы. Мысалы күні кеше ғана 15 ақпан – Қазақ тарихы күніне орай қаланың жоғары оқу орындары мен мектептерінде тәрбиелік іс-шаралар өткізілді. Мәселен, № 13 мектепте, № 92 гимназияда, Ә.Сағын атындағы политехникалық университетте және Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде “Қазақстан тарихы сағаты” аясында викториналар мен танымдық конференциялар өтті, – дейді Qazaq club өкілі Н.Сұршаұлы.

Күнтізбе 18 ұлттық құндылықты насихаттайды, олардың ішінде Қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы, салт-дәстүрлер, қазақ өнері, ұлттық тағамдар, ұлт қайраткерлерінің еңбегі, ұлттық ойындар, Туған жер, ұлт бірлігі, мемлекеттілік, мемлекеттік тіл, отбасы және ақсақалдар институттары және т. б. бар.

Сонымен қатар, күнтізбеде қазақтың негізгі дәстүрлі мерекелері атап өтілді.

Алғаш рет күнтізбе 2019 жылы таныстырылған болатын. Жобаның мақсаты – қазақ халқының рухани құндылықтарын сақтау және дәріптеу.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button