Жаңалықтар
Қарағандыда оқу-жаттығу кезінде полиция қызметкері қаза тапты
Оқу-жаттығу іс-шараларын өткізу кезінде болған жазатайым оқиға салдарынан Қарағанды облысы полиция департаментінің қызметкері А. Алиев қаза тапты.

-Оқу-жаттығу кезінде жазатайым оқиға салдарынан қаза тапқан Қарағанды облысы полиция департаментінің қызметкері А. Алиевтің туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз.
ІІМ марқұмның отбасына барлық қажетті қолдауды көрсетеді.
Оқиға орнына ПД басшылығымен комиссия жіберілді. Тергеу барысы бақылауда, – делінген ПД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.