Жаңалықтар

Қарағандыда наурызға арналған іс-шаралар бүгіннен басталады

Қарағанды Наурыз мерекесіне қызу дайындық үстінде. Наурыз мейрамы қаланың орталық саябағының аумағында мерекеленеді. Мерекелік іс-шаралар 14-23 наурыз аралығында өткізіледі деп жоспарлануда.

Сурет: massaget.kz

Сонымен, мерекелік іс-шаралар төмендегідей айдарлармен өтеді: 14 наурыз – Көрісу күні, 15 наурыз – Аула күні, 16 наурыз – Шежіре күні, 17 наурыз – Тарихқа тағзым күні, 18 наурыз – Игі істер күні, 19 наурыз – Шымырлық пен шеберлік күні, 20 наурыз – Зияткерлік күні, 21 наурыз – Ұлттық тағамдар күні, 22 наурыз – Бұқара күні, 23 наурыз – Жоралғы күні.

Сонымен қатар барлық іс-шаралар мына бағыттар бойынша бөлінген:

  1. Наурыз – тазалық пен экологияға деген қамқорлық мерекесі;
  2. Наурыз – жақсылық пен жергілікті қоғамдастықтың мерекесі;
  3. Наурыз – жақсылық пен қайырымдылық мерекесі;
  4. Наурыз – балалар үшін басты мереке;
  5. Наурыз аға ұрпақты қастерлеу мерекесі.

Меншіктің барлық нысандарында «Таза табиғат» акциясы аясында қаланы абаттандыру және санитарлық тазарту жұмыстары жүргізілетін болады.

Мерекеге орай Қарағандыда этно-ауыл түріндегі барлығы 302 киіз үй тігіледі деп жоспарлануда. Қазыбек би ауданында 20 киіз үй, Орталық саябақта 15 киіз үй, Достық үйі алаңында 5 киіз үй, Ә.Бөкейхан ауданында 11 киіз үй, «Жаңа Майқұдық» МҮ алаңында 5 киіз үй, «Теміржолшылар» МҮ маңында 3 киіз үй, «Молодежный» МҮ аумағында 3 киіз үй орнатылады.

Сонымен қатар, «Ұлыстың ұлы күні», «Наурыз мейрамы, наурыз берекем!» театрландырылған қойылымдары ұйымдастырылады, сондай-ақ осы күндері ұлттық спорт түрлері бойынша: «Арқан тарту», «Тоғызқұмалақ», «Асық ату», армрестлинг және қазақша күрес «Түйе палуан» сайыстары ұйымдастырылады. Жүлде қоры 1 миллион теңге.

Сондай-ақ, саябақта «Алтыбақан» орнатылып, 22 наурыз күні палау, бауырсақ және Наурыз көже тегін таратылады.

Қаланың мектептері мен мәдениет мекемелерінде 14 наурыздан бастап оқушылар арасында тақырыптық сынып сағаттары, өлең мәнерлеп оқу, сурет байқаулары өткізіледі. Сондай-ақ тақырыптық қойылымдар, әдеби-поэтикалық кештер, қала әртістерінің қатысуымен концерттер және спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады. Аталар мен әжелердің, мектеп оқушыларының және ата-аналарының қатысуымен мереке тарихы мен қазақстандық мемлекеттілікті зерделей отырып іс-шаралар өткізілетін болады.

«Тарихи ағымдар» атты Қазақстанның тарихи даталары бойынша кітап шолу (Қазақстанның қалыптасу хронологиясы), «Жақсылық – өркендеудің кілті» қайырымдылық іс-шарасы, «Шымырлық пен шеберлік күні», «Спорт денсаулық кепілі» «Викинг» жекпе-жек клубының көрсетілімдері, «Бауырсақ шоу», «Қазағымның дәстүрлері-ай» қазақ халық шығармашылығын жаңғырту орталығының қатысушыларымен ашық сабақ, «Наурыз – ұлыстың ұлы күні» мерекелік іс-шарасы, «Әз-Наурыз» ұлттық салт-дәстүрлер мен спорттық ойындар байқауы, «Әз Наурыз – жаңару мен жаңғыртудың бастауы» атты қазақ ұлттық колоритінің презентациясы өткізіледі.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button