Жаңалықтар

Қарағандыда мемлекеттік қызмет көрсету сапасы талқыланды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Ж.Сәрсен Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысын өткізді.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Отырысқа 8 мәселе шығарылды, атап айтқанда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының бағыты бойынша ЖАО қызметінің 2024 жылғы тиімділігінің нәтижелері, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы бақылау іс-шараларының нәтижелері, мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін құқықтық реттеу және жетілдіру, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және техникалық мүмкіндіктер бағыттары бойынша жүргізілген талдау нәтижелері, Нұра ауданының жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша атқарып жатқан жұмыстар туралы және Агенттіктің тапсырмасына сәйкес көлік, экология және табиғи ресурстар салаларында мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдірудің 13 бағыты бойынша жүргізілген талдаулар нәтижелері.

Мысалы, Департаментпен 13 бағыт бойынша жүргізілген талдау нәтижесіндегі ақпараттық жүйелердегі кемшіліктер, құжаттар тізбесін жетілдіру, шағымдану тәртібін айқындау сияқты ұсыныстар отырыста уәкілетті органдармен талқыланды.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Қарағанды облысы бойынша Департаменті

Басқа материалдар

Back to top button