Қарағандыда «Әлеуметтік жәрмеңке» өтті
Қарағанды қаласы әкімдігінің қолдауымен Орталық саябақта жергілікті атқарушы органдар, полиция, Төтенше жағдайлар департаменті, прокуратура, қала әкімдігінің жанындағы Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясы өкілдерінің қатысуымен қала тұрғындарына арналған ауқымды «Әлеуметтік жәрмеңке» өтті. Жәрмеңкеге 15 жұмыс беруші қатысып, 2000 мыңнан астам бос жұмыс орнын ұсынды.
Жәрмеңке барысында 500-ден астам адам түрлі сұрақтарымен жүгінген.
Атап айтсақ, келушілердің басым бөлігі жұмыспен қамту, гранттар, кәсіпкерлік мәселелері бойынша сұрақтарын қойған.
Сонымен қатар, тұрғын үй мәселесі, жасалған қылмыс үшін көзделген жауапкершілік, жастарға арналған бағдарламалар, балалар мен отбасы құқықтарын қорғау тақырыбы да сөз болды.
Айта кетейік, ерекше қажеттіліктері бар адамдарды жұмысқа орналастыруға ерекше көңіл бөлінген.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz