Ресми

Қарағандыда Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің көшпелі отырысы өтуде

Бүгін, 29 қыркүйек Қарағандыға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің Төрағасы Асхат Аймағанбетов бастаған мәжіліс депутаттары келді.

Отырыс шеңберінде депутаттардың бірқатар әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне баруы, атап айтар болсақ, үйдегі әлеуметтік көмек бөлімшесінің, балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының, сондай-ақ басқа да мекемелердің қызметімен танысу жұмыстары көзделген.

Көшпелі отырыс шеңберінде төмендегі нысандарды аралайды: Қазыбек би атындағы ауданының үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімі, «№ 6 арнайы мектеп-интернаты» КММ, «Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ, «Шапағат» балалар үйі, «Қарағанды техникалық-құрылыс колледжі» КММ.

Комитеттің қорытынды отырысы сағат 14.30-да өтеді. Отырысқа орталық және жергілікті мемлекеттік органдар өкілдерінің, қоғам қайраткерлерінің, ғалымдар мен тәуелсіз сарапшылар қатысады. Сонымен қатар отырыста Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мен білім вице-министрі Еділ Оспан баяндама жасайды.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button